Өрттің алдын ала себебі анықталды
Қарағанды қаласында, Қазыбек би ауданында, 2 қабатты ғимараттың жертөлесінде ағаш қаптама өртенді. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ТЖД күшімен ғимараттың 2-қабатының балконынан үш тізе баспалдақ арқылы 5 адам құтқарылды. Өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.
Өрттің алдын-ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Жеке құрамның 30 адамы және 7 бірліктен астам техника шықты.