«Су тасқыны болуы мүмкін»: Алматыда өзендердегі су деңгейі жоғарылайды

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқарушылар тұрғындарды жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазартуға шақырды

Фото: freepik.com

Алматыда өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Орташа тәуліктік температураның жоғарылауына және қардың қарқынды еруіне байланысты 16-18 наурыз аралығында таулы өзендерде су деңгейі көтеріледі. Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда, су тасқыны болуы мүмкін», - делінген ТЖД хабарламасында.

Осыған орай құтқарушылар тұрғындарды жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазартуға шақырды.