Бірқатар өңірде тұман түсіп, жел күшейеді
Синоптиктер ертең, 17 наурызда Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 25 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с жетеді.
Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады.
Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.