Осыған байланысты әуекомпаниялардың рейс кестесіне өзгерістер енгізіледі
1 мамырдан бастап Астана әуежайы түнде жұмыс істемейді. Бұл туралы Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2024 жылғы 1 мамырдан бастап жөндеу аяқталғанға дейін, жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін елорда әуежайының әуеайлағында ұшақтарды қабылдау және ұшу тоқтатылады», - делінген хабарламада.
Осыған байланысты Астанадан және Астанаға орындалатын әуекомпаниялардың рейс кестесіне өзгерістер енгізіледі.