Өрттің себебі анықталып жатыр
Астанада жылдам әзірленетін фастфуд дүңгіршегі өртеніп кетті. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Астана қаласында сағ.10-11-де Сарыарқа ауданында жеке тұрған фастфуд дүкенінде өрт шықты. Сағ.10-26-да өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр», - делінген хабарламада.
Жеке құрамның 10-ға жуық адамы және ТЖД техникасының 2 бірлігі жұмылдырылды.