Қауіпсіздік: алаяқ пен банк қызметкерін қалай айыруға болады?

Автор: Azattyq Rýhy

Банк қызметкерлері ұялы телефон арқылы мәліметтер сұрамайды

Фото: depositphotos/Syda_Productions

Түркістан облысының прокуратурасы жалған банк қызметкерлері арқылы жасалатын интернет-алаяқтықтан сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алаяқты банк қызметкерінен қалай айыруға болады?

Банк қызметкерлері ұялы телефон арқылы мынадай мәліметтерді сұрамайды:

  • ЖСН;
  • банк картасының 16 сандық нөмірі;
  • CVV-код;
  • құпия сөз.

«Кез келген банктің қауіпсіздік қызметі клиенттерге хабарласпайды. Егер ондай жағдай болған жағдайда клиент Call орталыққа хабарласу керек немесе банк бөліміне баруы қажет. Әр банктің өз Call орталықтары бар», - деп ескертті прокуратура.