Оқу-жаттығуға мыңнан астам әскери қызметші қатысып, 150-ден астам техника жұмылдырылды
Қарағанды облысында екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр. Оған «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында бөлімшелер Қарағанды облысына әртүрлі тәсілмен жетіп, шоғырлану ауданына марш жасады.
Жаттығу шартты түрде алға жылжып келе жатқан және қорғанушы әскери топтардың қарсы әрекеттеріне негізделген.
– Екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығу түрлі жауынгерлік іс-қимыл барысындағы бөлімшелердің үйлесімділігін қалыптастыру тұрғысынан командирлер мен жеке құрамды даярлауды барынша толық қамтамасыз етеді, – деді «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Ержан Ыбыраев.
Оқу-жаттығуға мыңнан астам әскери қызметші қатысып, 150-ден астам техника жұмылдырылды.
Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес өткізілетін командалық-штабтық оқу-жаттығу 19 наурызда аяқталады.