Жол-көлік апатынан 20 адам зардап шекті
Қарағандыда автобус пен жеңіл автокөліктің соқтығысуынан жол-көлік апаты болып, 20 адам зардап шекті. Апат салдарынан қоғамдық көлік аударылып қалған.
«Аударылған автобуста 30 жолаушы болған. Әртүрлі жарақаттармен қала ауруханаларына 12 адам жеткізілді», - деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы.
Апат «Бұқар жырау» даңғылы мен «Четская» көшесінің қиылысында болды. Полицейлердің мәліметіне қарағанда, жеңіл көлік жүргізушісі қосалқы жолда жүріп келе жатып, маршруттық автобусты өткізбеген. Қақтығыс нәтижесінде қоғамдық көлік аударылып қалды. Апат орнында 6 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді.