Тағылымдамадан өтуге үміткерлер жылжымайтын мүлікті кепілге қоймайды
«Болашақ» бағдарламасының тағылымдамасынан өтетін жұмысшылар санаттарының жаңа тізімі бекітілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамына сілтеме жасап.
2024 жылғы 29 ақпанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында 2024 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өтетін жұмысшылар санаттарының тізімін қайта қарау туралы шешім қабылданды.
«Болашақ» стипендиясын дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған стратегиясы шеңберінде кадрларды даярлау және қайта даярлау мемлекеттік органдардың өтінімдері бойынша жүргізіледі.
Тізім келесі санаттарды қамтыды:
Тағылымдамалардың ұзақтығы 1 (бір) айдан 12 (он екі) айға дейін. Тағылымдамадан 40-тан астам елдің жетекші университеттерінде, ғылыми-зерттеу орталықтарында, салалық ұйымдарында өтуге болады.
Тағылымдамадан өтуге үміткерлерге қойылатын талаптар:
Айта кетсек, тағылымдамадан өтуге үміткерлер жылжымайтын мүлікті кепілге қоймайды. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін соңғы 12 айда тұрақты табысы бар 50 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары бола алатын екі кепілгерді ұсыну жеткілікті.
Тағылымдамалар туралы қосымша ақпаратпен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ bolashak.gov.kz. сайтында танысуға болады.