$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан - Түркі мемлекеттерінің 2024 жылғы туристік астанасы атанды

Сондай-ақ 22 наурызда Түркістан-Самарқанд халықаралық әуе рейсі іске қосылады

Түркістан - Түркі мемлекеттерінің 2024 жылғы туристік астанасы атанды
Фото: "Turkistan Tourism Center"

Биыл жыл бойы рухани шаһарда 25 халықаралық, 21 республикалық және 53 облыстық деңгейде түрлі іс-шаралар өткізіледі. Туристік маусымның ашылу салтанатты 18 наурыз күні «Керуен сарай» кешенінде өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Шара аясында «Түркі әлемінің тағамдары» гастрофестивалі, «Туристік астана келбеті» ақпараттық туры, «Көне түркі дәстүрі» этнофестивалі, Әуе шарлары және Экотуристік фестивалі мен халықаралық ән байқауы өтеді. Сонымен қатар 18-23 наурыз аралығында қазақ, өзбек және қырғызстандық көліктердің қатысуымен Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларға автошеру ұйымдастырылады.

«2024 жылы іске асырылатын барлық іс-шаралардың стендтері қойылатын болады. Басқа да симпозюмдардың барлығы жыл аясында жоспарланып отыр. Сонымен қатар Қытайдың танымал блогерлері мен БАҚ өкілдеріне облыстың турнистік нысандарына ақпараттық тур ұйымдастыру көзделуде. 22 наурызда Түркістан-Самарқанд халықаралық әуе рейсі іске қосылады. Самарқанд қаласында Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылып, екі ел арасындағы туристік компаниялардың келісім-шарттары түзіледі», - деді облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Нұрдәулет Медеуов.

Серіктес жаңалықтары