Құрылтайға Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етеді
Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы 15 наурызда Атырау қаласында өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы 15 наурыз күні Атырау қаласында өтеді», - делінген хабарламада.