$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде минералдарды игеру үшін Британ технологиялары тартылады

Мемлекет басшысы елдегі сирек металдарды игеруді үкіметке тапсырған болатын 

Елімізде минералдарды игеру үшін Британ технологиялары тартылады
Фото: freepik.com

Қазақстанда сирек кездесетін жер элементтерін игеру үшін Британ технологиялары тартылады. Лондонда минералдарды игеру саласында ынтымақтастықты нығайту үшін «Жол картасына» қол қойылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы елдегі сирек металдарды игеруді үкіметке тапсырған болатын. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет. Алдағы уақытта Қазақстан үкіметі британиялық әріптестерімен байланысты арттырмақ.

«Сирек жер элементтері өте көп.18 элеметіміз бар. Технологиялар жоқ, бірақ пайдалы қазбалар бар. Ол үшін технологиялар керек», - деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Шархан Иран.

Бір жыл бұрын Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли Қазақстанға іссапармен келіп, маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойғаны белгілі. Бүгінгі «Жол картасы» сол келісімнің жалғасы.

«Жол картасының жүзеге асуы нәтижесінде Қазақстанда британиялық компаниялар көкжиектерін кеңейтіп, тәжірибелерімен бөліседі деген зор үміттеміз», - деді Ұлыбританияның өнеркәсіп және экономикалық қауіпсіздік министрі Нусрат Гани.

Серіктес жаңалықтары