Ол криптовалютаны заңсыз айырбастаумен айналысқан
Астанада кінәлі тұлға криптовалютаны заңсыз айырбастағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қалалық прокуратурадан хабарлағандай, сот үкімімен криптовалютаны заңсыз айырбастағаны үшін қала тұрғыны мүлкі тәркіленіп 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
«Кінәлі тұлға қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер саласында лицензиясыз айырбастау қызметімен айналысып, 6 айдың ішінде 342,8 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде заңсыз табыс алған», - делінген хабарламада.
Прокурордың талабымен сотталғаннан заңсыз алынған 342,8 млн. теңге сомасындағы табыс мемлекет пайдасына өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.