$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ЮНЕСКО: Украинада 1400-ден астам ғылым мекемесінің ғимараттары бүлінген және қираған

Соғыс басталғалы Украинадан 4 мыңнан астам ғалым кетті

ЮНЕСКО: Украинада 1400-ден астам ғылым мекемесінің ғимараттары бүлінген және қираған
Фото: deafnet.ru

Украинадағы ғылыми мекемелерге тиесілі 1400-ден астам ғимарат Ресей шабуылы салдарынан қираған немесе бүлінген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BBC Russian-ға сілтеме жасап.

11 наурызда жарияланған ЮНЕСКО мен Украинаның Кіші Ғылым Академиясының бірлескен зерттеуінде Ресей шабуылы салдарынан 177 ғылыми мекемеге тиесілі барлығы 1 443 ғимараттың зақымданғанын немесе қирағанын айтады.

«Бұл ғимараттарды қалпына келтіру үшін 1,21 миллиард доллардан аса қаражат керек, оның ішінде ең көп шығынға ұшыраған университеттер үшін 980 миллион доллар қажет», — деді ЮНЕСКО мәлімдемесінде.

Есепте Харьковтың Солтүстік ауданындағы ғылыми инфрақұрылым ең қатты зардап шеккен ғимарат екені айтылған.

Ресейдің толыққанды шабуылы басталғаннан кейін 4 мыңнан астам ғалым Украинадан кетті, деп хабарлады ЮНЕСКО-ның іргелі ғылым, ғылыми инновациялар және инженерия бөлімінің басшысы. Оның айтуынша, бұл Украина үшін үлкен проблемаға айналды.

Серіктес жаңалықтары