Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан ерлер командасы Париж Олимпиадасының екінші жолдамасына ие болды

Бокстан лицензиялық турнирде Қазақстан қоржынына алғашқы жолдама түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айбек Оралбай ширек финалда америкалық Джамар Таллимен кездескен болатын.

Жекпе-жек толығымен Айбектің басымдығымен өтіп, қазақстандық боксшы 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан ерлер командасы Париж Олимпиадасының екінші жолдамасына ие болды.