Жер учаскелерінің құны 329 млн теңгені құрады
Абай облысы Жарма ауданының прокуратурасы 17 мың гектардан астам жерді мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жарма ауданының прокуратурасы жергілікті шаруа қожалықтарының бірі өзіне берілген 17 мың га-дан астам жер телімдерін ұзақ уақыт пайдаланбай, үшінші тұлғаларға қосалқы жалға бергенін анықтады.
Сот шешімімен бұл жер учаскелері мемлекет пайдасына алынды, олардың кадастрлық құны 329 млн теңгені құрады», - делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта оларды басқа мұқтаж жер пайдаланушыларға, соның ішінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін жергілікті инвесторларға беру мәселесі шешіліп жатыр.