Елордада өрт шыққан пәтерден бір адам құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Пәтерде үй заттары мен жиһаздар өртенген

Фото: istockphoto.com

Елордада өрт шыққан пәтерден бір адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

7 наурызда елордадалық өрт сөндірушілер Тұран даңғылы 46/4 мекенжайында орналасқан тұрғын үй кешенінің бесінші қабатындағы өртті сөндірді.

Пәтерде үй заттары мен жиһаздар өртенген. Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен құтқару маскасы арқылы 1996 ж.т.әйел адам құтқарылды.

Оқиға орнында Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 25 жуық адамы және 6 бірлік техникасы жұмылдырылды.