Бұл туралы Энергетика министрі айтты
Биылғы көктемде сұйытылған мұнай газының бағасы жоспарлы түрде қымбаттайды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев министрлік алқасының отырысында тілшілердің сұрағына жауап беру барысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мұндағы әңгіме жоспарлы жұмыс жөнінде болып отыр. Біз сұйытылған мұнай газының бағасын жыл сайын арттыруды жоспарлап отырмыз. Ал биыл біз өңірлерге қарай шамамен 5-8 теңгеден аздап қосуды жоспарлап отырмыз. Биылғы көктемде министрліктің жоспарында осындай қымбаттату бар», - деп жауап берді А. Сәтқалиев.