Бұл - тереңдігі 10 мың метрден асатын алғашқы жоба
Дүйсенбі күні түстен кейін Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында ультра терең ұңғыманы бұрғылау тереңдігі 10 000 метр шегінен өтті, бұл елдің терең геобарлауында серпіліс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Синьхуаға сілтеме жасап.
Жобалық тереңдігі 11 100 м болатын «Шэньдитакэ-1» ұңғымасы Тарим ойпатындағы Такла-Макан шөлінің ішкі бөлігінде орналасқан. Бұл жобалық тереңдігі 10 000 м-ден асатын Қытайдағы алғашқы ғылыми барлау ұңғымасы.
Еске салсақ,бүгін Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болған еді.