Қытайдан келген дәрігерлер өңірлерге барады

Автор: Azattyq Rýhy

Қытай дәрігерлері екі күннен кейін Қарағандыға барады

Қазақстанға ҚХР-дан келген медицина саласының сарапшылары өңірлерге барады, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

«Өткен аптада Нұр-Сұлтанға қазақстандық әріптестерімен кеңесу үшін келген 10 адамнан тұратын Қытай дәрігерлері екі күннен кейін Қарағандыға барады. Олар тәжірибелерімен бөліседі, бейнеконференцияларға қатысып, отандық дәрігерлердің сұрақтарына жауап береді», - деп жазылған хабарламада.

15 сәуірде Шыңжаң дәрігерлері Қарағандыға, содан кейін Алматыға барады. 

«Қытайдың танылған медицина мамандары біздің елдегі коронавирус инфекциясымен күрес алгоритмімен және емдеу әдістерімен танысқан кезде Қазақстандағы медицина айтарлықтай жоғары деңгейде екенін атап өтті», - деп жазылған Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы таратқан ақпаратта.