Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі конкурстың күшін жою туралы шешім қабылдады
С.М. Киров атындағы «Машина жасау зауыты» АҚ-ның 100% жай акцияларын сату бойынша жарияланған конкурстың күшін жою туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осыған орай, ағымдағы жылғы 28 ақпанда «Қазақстан инжиниринг» ҰК АҚ-на тапсырма жіберілді. Осылайша, сауда-саттық өткізілмейді.
Конкурстың өткізілмеуі «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 9 қаулысымен қабылданған зауыттың іске асырылуы бойынша шешімдерді жаңарту және нақтылау қажеттілігіне байланысты болып отыр.