02.03.2024, 11:48
Жаңалықтар
Ақтөбе облысында полиция қызметкері бір отбасын өрттен аман алып қалды
Полиция қызметкері шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді
Фото: t.me/POLICE_of_KZ/
Ақтөбе облысында полиция қызметкері өз өмірін қатерге тіге отырып бүкіл отбасын өрт құрсауынан құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
1 наурыз күні таңғы уақытта Байғанин ауданы полиция бөлімінің аға инспекторы Әділ-ҚаҺар Кәдіров жұмысқа бара жатқан. Сол уақытта көршісінің үйінен қалың түтін шыққанын көреді. Жедел әрекет етіп, шырт ұйқыда жатқан үй иесін оятып, кәмелетке толмаған үш баланы сыртқа алып шығады. Ең кішкентай 5 жасар баланы алып келе жатып түтінге тұншығып есінен танып қалған.
Осы уақытта өрт сөндірушілер мен дәрігерлер келіп көмектескен. Полиция қызметкері шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ержүрек тәртіп сақшысының өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
01.11.2026, 10:02
Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды