Германияда әскери адам 4 адамды атып тастады

Автор: Аягөз Құрмаш

Кейін полицияға өзі берілген

Фото: elements.envato.com

Германияның Төменгі Саксониядағы Шессель қаласында төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап.

«Күдікті қылмыскер – Бундесвер әскери қызметкері кейін өзі полиция бөліміне келіп, билікке берілді», - делінген хабарламада.

Полиция әзірге қылмыстың себебі туралы ресми түрде айтқан жоқ, дегенмен DPA агенттігі қаза тапқан  әскеридің бұрынғы қызы, оның баласы және жаңа жас жігіті мен оның анасы екенін айтады.