Тағы 21 адам жарақат алды
Үндістанның Мадхья-Прадеш штатының Диндори ауданында 14 адамның өмірін қиған жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Times of India басылымының жазуынша, бұл туралы жергілікті полиция хабарлаған.
«Оқиға 29 ақпанда түнде бір топ жергілікті тұрғын мерекелік шараға қатысып, ауылдағы үйлеріне қайтып келе жатқанда болған. Тұрғындар мінген пикап жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен», - делінген хабарламада.
Апат салдарынан 14 адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы 21 адам жарақат алды. Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Жергілікті билік қаза тапқандардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетуге уәде берді.