Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады
«Қазарнаулыэкспорт» РМК Бас директорының міндетін атқарушы Аршат Аяғанов ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«2024 жылғы 23 ақпанда броньдалған әскери техниканы жеткізу бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдік бойынша «Қазарнаулыэкспорт» РМК Бас директорының м.а. Аршат Аяғановтың ұсталғаны туралы хабарлайды», - делінген ведомство хабарламасында.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.