Терроризмді насихаттады деген күдікпен шымкенттік тұрғын ұсталды – ҰҚК

Автор: Мира Байбек

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті покуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкент қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, терроризмді насихаттады деп күдіктелген адам  28 ақпанда ұсталды.

«Ол әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағаны үшін күдіктелуде.  Тергеу нұсқасы бойынша ұсталған ертеректе ұзақ уақыт бойы алыс шет елдердің бірінде тұрып, радикалды идеологияны қабылдаған», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.