Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады
2024 жылғы 28 ақпандағы сағат 21.00-дегi жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 1 облыста республикалық маңызы бар 1 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Жамбыл облысында боран мен жолдың көрінуі нашарлығына байланысты жалпы ұзындығы 79 шақырым болатын «Алматы-Ташкент-Термез» бағытындағы Кенен ауылы мен Қайнар ауылы аралығы жабылды. Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарға 754 бірлік техника және 1694 адам жұмылдырылды.