Париж-2024 олимпиадалық формасына конкурс жарияланды

Azattyq Rýhy

Конкурстың жеңімпазы анықталады 13-15 наурыз аралығында анықталады

Париж-2024 олимпиадалық формасына конкурс жарияланды
Фото: Olympic.kz

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Дене шынықтыру істері комитетінің спортты дамыту дирекциясы 2024 жылы Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына ҚР Ұлттық құрамасының салтанатты және спорттық олимпиадалық нысаны мен жабдықтары жиынтығының дизайн тұжырымдамасын әзірлеуге ашық конкурс жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Жіберілген жұмыс материалдарын арнайы комиссия қарайтын болады. Комиссия құрамына ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің, Қазақстан спортшылар Одағының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, атақты спортшылар, соның ішінде Елдос Сметов, Серік Сәпиев, Азамат Дәулетбеков, Жамиля Бақбергенова, Ольга Рыпакова, Әбиба Абужақынова, Анна Алябьева, Нұрбек Оралбай, Нұрсұлтан Тұрсынов кіреді. Комиссия төрағасы-спортты дамыту дирекциясының директоры - Ерлан Естек», - делінген хабарламада.

Конкурс екі кезеңнен тұрады, олардың әрқайсысының жеңімпазы тиісті Ереженің шарттарына сәйкес комиссия отырысында айқындалатын болады.

Байқау кезеңдері:

  • Бірінші кезеңде комиссияның өтінімдер мен материалдарды қабылдауы және қарауы (28 ақпан сағат 20:00-ден 2024 жылғы 10 наурыз сағат 18:30-ға дейін) жүргізіледі.
  • Екінші кезеңде конкурстың жеңімпазы анықталады және жарияланады (2024 жылғы 13-15 наурыз).

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортты дамыту дирекциясының Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы Ержан Асқаров түсіндіру жұмыстары мен конкурсты жалпы өткізуге жауапты болып табылады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.