$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада Есіл ауданының әкімі тағайындалды

Бұл қызметке Дарменияр Қыдырбекұлы келді

Астанада Есіл ауданының әкімі тағайындалды
Фото: gov.kz

Астанада ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес, Есіл ауданының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл лауазымға 42 жастағы Дарменияр Қыдырбекұлы кірісті. Ол 4 жылдан астам уақыт Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Еңбек жолын 2006 жылы «Мүлһин» Қоры» қоғамдық бірлестігінде бастаған. Әр жылдары қоғамдық және жеке құрылымдарда жұмыс істеді.

29.08.2012 - 06.02.2013 жылдар аралығында «Жетісу ӘКК» ҰК» АҚ (Талдықорған қ.) басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

07.02.2013 -18.03.2013 жылдар аралығында Талғар ауданы (Алматы облысы, Талғар қаласы) әкімінің көмекшісі болып жұмыс істеді. 18.03.2013 - 15.11.2019 жылдар аралығында Талғар ауданы әкімінің орынбасары (Алматы облысы, Талғар қаласы) болды.

2019 жылғы 19 қарашадан бастап – Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндеттер жүктеді.

Серіктес жаңалықтары