«Мемлекеттік қызметте оған орын жоқ»: Ахметжанов мас күйде көлік жүргізген шенеунік туралы

Автор: Темірхан Айжан

Облыс әкімі тәртіп бұзған шенеунікті жұмыстан шығару мәселесі қаралатынын айтты

Фото: primeminister.kz

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған аудан әкімінің орынбасары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ол азамат қазір әкімшілік жазасын өтеп жатыр. Шыққаннан кейін комиссия отырысы болады. Оның мемлекеттік қызметте қалу не қалмау мәселесі қаралады. Мас күйінде көлік жүргізгендер тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіреді. Мен мұндай жағдайларға қатал қараймын. Сондықтан мемлекеттік қызметте оған орын жоқ деп санаймын», - деді ол.

Облыс әкімі тәртіп бұзған шенеунікті жұмыстан шығару мәселесі қаралатынын айтты.

Бұған дейін Ақмола облысында мас күйінде рөлге отырған Зеренді ауданы әкімінің орынбасары ұсталған еді. Ол 15 тәулікке қамалып, көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айырылды.