Қазіргі уақытта ұсталған адам УҰИ-ға қамалды
Өскеменде полицейлер жалдамалы пәтерлердің бірінде шетелдік қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
25 жастағы тәжікстандық азамат бір жылдан астам уақыттан бері алаяқтық пен ұрлық жасағаны үшін іздеуде болған.
«Қазіргі уақытта ұсталған адам УҰИ-ға қамалды. Тәжікстан Республикасындағы әріптестерге қылмыскердің орналасқан жері туралы хабарлама жіберілді. Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр», - делінген хабарламада.