Президент сабақ кезінде ұялы телефонды пайдалануды шектейтін заңға қол қойды

Автор: Azattyq Rýhy

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады

Фото: pexels.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сабақ кезінде ұялы телефонды пайдалануды шектейтін заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, 1 ақпанда Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы мақұлданған болатын.