Еліміздің 5 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Шығыста аяз -42 градусқа дейін жетеді

Фото: freepik.com

Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

23 ақпанда Қостанай, Қызылорда облыстарында тұман түседі.

Түркістан облысында көктайғақ, тұман, екпінді жел болады.

Абай облысында қарлы боран соғады.

Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-18 м/с, қатты аяз -42 градусқа жетеді.

Семей, Өскемен және Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа райы қолайсыздығының екінші дәрежелі ескертуі күшінде.