Ол психотроптық заттар қатарына қосылды
Ресейде адыраспан өсіруге, сақтауға және пайдалануға тыйым салынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ресейде тыйым салынған өсімдіктер тізіміне Қазақстанда адыраспан деп аталатын гармала енгізілді.
Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин мемлекеттік бақылауға жататын есірткі құралдарының тізімі туралы қаулыға түзетулерге қол қойды.
Өсімдік құрамында психотропты алкалоидтар болғандықтан тізімге енгені атап өтілді.
Ал біздің елімізде, керісінше, адыраспанды қасиетті өсімдік деп санайды.
Аударған: Айжан МӨҢКЕБАЕВА