Шығыс Қазақстанда қасқыр көбейіп барады

Автор: Аманалина Тоғжан

Аңшылар соңғы үш жылда олардың тым көбейіп кеткенін айтады

Фото: freepik.com

Шығыста қасқыр көбейіп барады. Жақында Самар ауданы Көкжота ауылында бір отбасының 18 қойын қорада тұрған жерінінен жарып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Ауылға жеткен аңшылар бригадасы жыртқыштың ізін тауып, топ қасқырды атып алды. Дегенмен аңшылар соңғы үш жылда олардың тым көбейгенін айтады.

Биыл түз тағысы, тіпті қалаға жақын ауылдардың маңында жүр. Өйткені қар қалың болғандықтан таудағы аң құстың бәрі етектегі орман арасында. Аңшылар қасқырды тікұшақпен әуеден барлау қажеттігін айтады, деп жазады Qazaqstan.tv.