Қандай жағдайда терапевттің жолдамасын алмай дәрігерлерге көрінуге болады?
Бұйрықтар мен стандарттарға өзгерістер енгізіліп жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі емханада медициналық көмек көрсетуді жақсарту үшін бұйрықтар мен стандарттарға өзгерістер енгізіп жатыр. Сәуір айынан бастап пациенттер жалпы практика дәрігерінің жолдамасын алмай-ақ бейінді мамандарға жүгіне алады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Биылғы наурыздан бастап мынадай өзгерістер болады:
- жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған талдаулар тізбесін 42 зерттеуге қысқарту
- олардың қолданылу мерзімін 10 күннен 14 күнге дейін және 1 айдан 3 айға дейін арттыру
Ал, сәуір айынан бастап бейінді мамандарға тікелей жүгіну тәсілдері жетілдіріледі. Пациент терапевттің жолдамасынсыз бейінді мамандарға келесі жағдайларда жолыға алады:
1) шұғыл жағдайлар мен жарақаттар, оның ішінде офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа да жарақаттар;
2) шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету;
3) дерматовенерологиялық бейіндегі аурулар;
4) тіркелген жері бойынша акушер-гинекологқа және психологтың қабылдаулары;
5) онколог және онкогематологтың қабылдаулары;
6) диспансерлік есепте тұрған пациенттерді кардиолог эндокринологтың, офтальмологтың, невропатологтың, хирургтің қабылдаулары;
7) оны тағайындау бойынша бейінді маманның қайта қабылдауы;
8) Жастар денсаулық орталықтарында мамандардың қабылдауы;
9) жылжымалы медициналық кешендер мен басқа да мобилдік қызметтердің қызмет көрсетуі кезінде жүзеге асырылады.
Сәуір айынан бастап динамикалық бақылау тәртібі және жалпы практика дәрігері мен бейінді мамандардың бірлескен жұмыс алгоритмі қайта қаралады, бұл мультидисциплиналық тәсілді қамтамасыз етеді. Осы жұмыстың шеңберінде зерттеулерді жүргізудің еселілігі мен көлемі әрбір пациент үшін жеке тәртіппен айқындалады.