Алматыда 30 індет ошағынан шектеулер алынды
Шектеулер инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты алынып тасталды

Алматыда 30 індет ошағынан шектеулер алынды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімдіктегілердің мәліметінше, инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты мына мекенжайлардағы 30 індет ошағынан шектеу шаралары алынып тасталды:
- Алатау ауданы – «Заря-Восток» ықшамауданы, Сары-ой көшесі, 234; «Ақкент 7» ықшамауданы; «Ақбұлақ 9» ықшамауданы; Жасыл Желек көшесі, 13; Тойшыбек батыр көшесі, 121.
- Алмалы ауданы – Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7.
- Әуезов ауданы – «Жетісу-2» ықшамауданы, 70а; «Мамыр-4» ықшамауданы, 313.
- Бостандық ауданы – Тұрғыт Озал көшесі, 242.
- Медеу ауданы – Зенков көшесі, 59; Достық даңғылы, 162; Гоголь көшесі, 75; Достық даңғылы, 111; Қонаев көшесі, 62; «Самал-3» ықшамауданы, 25; Достық даңғылы, 116; Достық даңғылы, 493.
- Жетісу ауданы – Еңлікгүл көшесі, 34а; Помяловский көшесі, 25; «Құлагер» ықшамауданы, 45.
- Түрксіб ауданы – «Алтай-1» ықшамауданы, 8; «Жас қанат» ықшамауданы 86; Майлин көшесі 77; Спасский көшесі 63а; Ғанибет, 276; «Жас қанат» ықшамауданы, 1/53; «Жұлдыз-1» ықшамауданы, 13.
- Наурызбай ауданы – Береке-1 көшесі, 97.