Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады
«Қазгидромет» РМК сәрсенбі, 21 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжам бойынша қатты аяз, бұрқасын, тұман болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» мәліметінше, республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады.
«Тек республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен қар сақталады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта жел күшейеді, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел соғады. Елде тұман», – делінген хабарламада.
Қарағанды облысында қатты аяз -35°С, Қарағанды облысының шығысында өте қатты аяз -40°С болады;
Жетісу облысында -30-35°С, Абай ауданында -40°С, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында -45°С өте қатты аяз сақталады.