Бірқатар өңірде жел күшейеді
Қазақстанның 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.
Ұлытау облысында екпінді жел соғады.
Қарағанды облысында 38 градус аяз болып, жел күшейеді.
Түркістан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жетісу, Абай, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында 40 градус аяз болады.
Жамбыл облысында жаяу бұрқасын соғады.