Павлодар облысында 13 сәуірден бастап карантин енгізіледі
Облыста ірі сауда объектілерінің жұмысы тоқтатылады

Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Зәмзәгүл Дощанова ресми қаулы қабылдады. Қаулыға сәйкес Павлодар облысының аумағында 2020 жылғы 13 сәуірде сағат 00.00-ден бастап кәсіпкерлік және (немесе) өзге қызметтердің және тұрғындар өмірінің ерекше шарттарымен карантин режимі енгізіледі, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Павлодар облысының әкімдігі, полиция департаменті және барлық мүдделі мемлекеттік органдар халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлерін; медициналық көрсеткіштер бойынша шығатын және келетін адамдарға; карантинді енгізу кезеңінде стационарларда және карантиндік және провизорлық стационарларда емделуде жүрген адамдарға; шұғыл мамандандырылған көмекке мұқтаж азаматтарға; карантиндік шараларды қабылдау шартымен растайтын құжаты (анықтама, жеделхат және т. б.) болған кезде жақындарының қайтыс болуына байланысты кететін/келетін адамдарға; растайтын құжатты ұсынған кезде көктемгі егіс жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринарлық, ауыл шаруашылығы іс-шараларын, байланыс объектілерінің қызметін жүргізуге тартылған адамдарды қоспағанда, облыстың, қалалардың, аудандардың және ауылдық аймақтардың аумағына шығуына және кіруіне тыйым салынады», - деп жазылған құжатта.
Сондай ақ авариялық-құтқару қызметтерінің, жедел медициналық көмектің қолжетімділігін және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді ескере отырып, карантиндік аймаққа кіру/шығу пункттерін анықтау; кварталдар мен секторларға бөліп, облыстың, қалалардың, аудандардың және ауылдық аймақтардың блок-бекеттерін белгілей отырып, карантиндік аймақта жүруді шектеу; КВИ індеті тіркелген аумақтарды полиция департаментінің қызметкерлерін тарта отырып қоршау; облыстың ауылдық аймақтарында әуежайдың, темір жол вокзалдарының, автовокзалдар мен автостанциялардың қызметін тоқтата тұру, қалааралық, ауданаралық автобус қатынастарына, сондай-ақ жеке тіркелмеген тасымалдауға тыйым салу; төтенше жағдай кезінде зейнетақы, АӘК және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға қажеттілігі бар жеке тұлғаларға қызмет көрсетуге арналған және осы санаттағы тұлғалар үшін өзге де қызметтерді көрсетуге арналған бөлімшелердің үй-жайларын қоспағанда, екінші деңгейдегі банктер филиалдарының, бөлімшелерінің және «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің үй-жайларын жабу; үй-жайларда осы санаттағы адамдардың күту аймағында 2 метр қашықтықты белгілеу, міндетті маскалық режимді және санитайзерлерді орнатуды қамтамасыз ету көзделген.