Жексенбі күні республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады
Қазгидромет 12 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Атмосфералық ауа ағынының өтуіне байланысты жексенбіде республиканың басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады, тек шығыста күн ашық болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте және орталықта найзағай жарқылдауы мүмкін», - деп жазылған хабарламада.
Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, желдің күші 15-20 м/с.
Атырау облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерінде - тұман, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.