Бүгін еліміздің кей өңірінде 45 градусқа дейін аяз болуы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Синоптиктер 19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстан Республикасының батысында, оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында қармен жаяу бұрқасын болады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Сондай-ақ еліміздің оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жел күшейіп, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Жетісу облысында 30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 45 градус өте қатты аяз болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қатты аяз – 35-39 градус суық болады

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-шығыста, солтүстік-батыста тұман, оңтүстік жартысында көктайғақ болады.  

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -34...-36°C, күндіз -20...-22°C болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -15...-17°C, күндіз -10...-12°C болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -5...-7°С, күндіз -2°С дейін болады.