Бүгін елімізде қар жауып, кей өңірде қатты аяз болады

Автор: Azattyq Rýhy

Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болады

Фото: BaigeNews.kz

Синоптиктер 16 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстан Республикасының оңтүстік-батысында, шығысында қар күтіледі, елдің шығысында түнде қатты қар жауады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Сондай-ақ елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады, кей уақыттарда  қатты (көбінесе қар), боран болады.

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-шығыста, солтүстік-батыста тұман, оңтүстік жартысында көктайғақ болады.

Астанада күн ашық, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -33...-35°С, күндіз -24...-26°С болады.

Алматыда бұлтты, қар жауады, жел 2-7 м/с жетеді. Түнде және күндіз ауа температурасы 0…-2°C, одан әрі төмендейді.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жаңбыр аралас қар жауады, жел 8-13, екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -1…+1°C болады.