Қатты аязға байланысты Ақмола облысында полицейлер күшейтілген режимге ауыстырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Инспекторлар автокөлік жүргізушілеріне көмек көрсетуге бағытталды

Коллаж: Azattyq Ruhy

15 ақпанында сағат температураның -38 градусқа дейін төмендеуіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың барлық бағыттарында дизель отынымен жұмыс істейтін іштен жанатын қозғалтқышы бар көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Инспекторлар автокөлік жүргізушілеріне көмек көрсетуге бағытталды. Басшылық адамдарды тасымалдаумен айналысатын компанияларға мұндай ауа-райында қозғалу қауіпті екенін ескеруді тапсырды.

«Қыста қала маңындағы автомобиль жолына шықпас бұрын, маршрутты алдын-ала жоспарлау қажет. Сондай-ақ жүргізушілерден ауа-райы қолайлы болғанға дейін алыс аймақтарға шығуды шектеуді сұраймыз», - деп атап өтті облыстық ПД ЖПҚБ бастығы полиция полковнигі Аслан Қызбикенов.