Ауа райына байланысты 13 өңірде тасжолдар жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қысқы жолды күтіп ұстауға 1481 жолшы жұмылдырылды

Фото ашық дереккөзден

«ҚазАвтоЖол» АҚ еліміздің 13 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 41 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

14 ақпан сағат 15:00-дегі ахуалға сәйкес шектеу ауа райының қолайсыздығына байланысты енгізіліп отыр.

Атап айтқанда:

  • Абай облысында – 6 учаске;
  • Ақмола облысында – 2 учаске;
  • Ақтөбе облысында – 5 учаске;
  • Алматы облысында – 1 учаске;
  • Шығыс Қазақстан облысында – 4 учаске;
  • Жамбыл облысында – 1 учаске;
  • Жетісу облысында– 1 учаске;
  • Қарағанды облысында – 9 учаске;
  • Қызылорда облысында – 3 учаске;
  • Павлодар облысында – 5 учаске;
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 1 учаске;
  • Түркістан облысында – 2 учаске;
  • Ұлытау облысында – 1 учаске.

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 785 бірлік техника және 1481 жолшы жұмылдырылған.