Автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 289 бірлік техника мен 347 жолшы жұмылдырылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 46 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 289 бірлік техника және 347 жолшы жұмылдырылды.