Қорғаныс құралдары Алматы қаласына жеткізілді
Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің қолдауымен Шицзячжуан қаласынан (Хэбэй провинциясы ) Алматы қаласына «Джек Ма» және «Alibaba» қорларынан медициналық қорғаныс құралдары жеткізілді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
«Көлемі 4,5 тонна құрайтын гуманитарлық жүктің ішінде 500 мың түрлі медициналық маска, 5 мың қорғаныш костюм, 50 мың медициналық қолғап, сондай-ақ түйіспесіз термометрлер бар», - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар алдағы күндері бұл қорлар Қазақстанға СOVID-19 вирусын анықтайтын экспресс-тестілерін және өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберуді жоспарлап отыр.