Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады
11 сәуір күні Қазақстанның басым бөлігіне ауқымды антициклон ықпал етіп, күн ашық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
«Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында оңтүстік циклонның ықпалымен жауын жауып, күн күркірейді. Республиканың кейбір өңірлеріне тұман түседі», - деп жазылған хабарламада.
Алматы облысының бірқатар өңірінде түнде және таң ата тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды.
Түркістан, күндіз Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды, Жамбыл облысында күн күркірейді.
Қостанай, Қарағанды, түнде және таң ата Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының бірқатар аумағында тұман түседі.