СҚО-да орман шаруашылығының лауазымды тұлғалары жерасты суларын заңсыз өндірген

Azattyq Rýhy

Осыған ұқсас заңбұзушылықтар тағы 19 мемлекеттік органда анықталды

СҚО-да орман шаруашылығының лауазымды тұлғалары жерасты суларын заңсыз өндірген
Фото: gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жерасты суларын заңсыз өндіруді анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық прокуратура мәліметінше, талдау шеңберінде жерасты суларын суды арнайы пайдалануға рұқсатсыз, өндіруге әкеп соққан жүйелі заңбұзушылықтар анықталды.

«Аққайың ауданының орман шаруашылығының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы Су кодексінің 66-бабының талаптарын бұза отырып, ұңғыманы бұрғылап, жерасты суларын пайдалануға рұқсатсыз өңдірген», - делінген хабарламада.

Осыған ұқсас заңбұзушылықтар тағы 19 мемлекеттік органда анықталды (Жамбыл, Қызылжар, Есіл аудандарының білім бөлімдері, Айыртау, М.Жұмабаев, Мамлют, Тайынша, Тимирязев аудандары әкімдерінің аппараты, «Пресновка, Булаев, Есіл» орман шаруашылықтары ).

«Облыс прокуратурасының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының қадағалау актісі бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары ӘҚБтК-нің 141-бабы бойынша жалпы сомасы 423 680 теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды, рұқсат құжаттарын алу бойынша шаралар қабылдануда», - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар қадағалау органы су объектілерін заңсыз басып алғаны және суды заңсыз пайдаланғаны үшін ӘҚБтК-нің 141-бабы бойынша жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік айыппұл түрінде (103 500-ден 897 000 теңгеге дейін) қарастырылғандығы туралы еске салады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.