Өңірлерде су тасқынының алдын алу шаралары басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгінде тасқын қаупі жоқ болғанымен, жол-пайдалану учаскелерінде арнайы кезекшілік ұйымдастырылды

Күн райының күрт жылуына байланысты бірнеше облыстарда қар мен мұз жылдам еріп жатыр. Жолшылар «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 34-шақырымындағы айналма жолдың маңындағы еріген судың ағып кетуін қамтамасыз етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

«Су өткізетін құбырларды тазалау жұмыстары түнде басталған. Учаскеге шұғыл түрде қажетті техника жеткізілді. Қазіргі сәтте су тасқынының қаупі жоқ», - делінген хабарламада.

Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында  республикалық маңызы бар автожолдардағы су өткізу құбырларын тазалау штатты режимде жүзеге асырылуда.

Бүгінде тасқын қаупі жоқ болғанымен, жол-пайдалану учаскелерінде арнайы кезекшілік ұйымдастырылды.